Түркияның шығысында бомба жарылып, 2 полицей ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Ширнак провинциясында бақылау бекетінде көлікке тиелген жарылғыш зат іске қосылып, 2 полицей ажал құшты, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Түркияның шығысында бомба жарылып, 2 полицей ажал құшты

Түркия билігі бұл қастандыққа Күрдістанның Жұмысшы партиясы (КЖП) кінәлі деп отыр.

Оқиға орын алысымен Түркия ӘӘК провинцияның таулы аймақтарындағы КЖП позицияларына оқ жаудырып, екі жауынгердің көзін жойды.