Түркияның шығысында бортында 14 жолаушысы бар тікұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның қауіпсіздік органына тиесілі тікұшақ сейсенбі күні елдің шығысында орналасқан Тунджели провинциясында апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.
Алдын ала дерек бойынша, бортта 14 адам, соның ішінде 8 полицей қызметкері мен екі судья болған. Апаттың себебі мен зардап шегушілер туралы ақпарат әзірге хабарланбай отыр.