20:37, 31 Шілде 2015 | GMT +5
Түркияның шығысында пойызды жарып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Ван провинциясында темір жол қызметкерлерін әкеле жатқан пойыз жолында мина жарылды.

Бұл туралы Sabah хабарлады.
Машинист жеңіл жарақат алды, вагондар мен темір жол төсемі зақымдалды. Пойыздағы 17 ирандық пен үш түрік жұмысшысы зардап шеккен жоқ.