Түркияның Суруч қаласында теракт жасаған қылмыскердің кім екені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Премьер-министрі Ахмет Давутоглу дүйсенбі күні Сириямен шекарадағы Суруч қаласында жарылыс ұйымдастырған адамның кім екенін билік анықтағанын мәлімдеді, деп жазады Би-би-си.
None
None

Давутоглудың сөзіне қарағанда, қазір құқық қорғау органдары жарылысқа тағы кім қатысты болуы мүмкін екенін қарастырып жатыр.

Түркия билігі соңғы деректер бойынша 32 адам жапа шеккен Сириямен шекарадағы Суруч қаласындағы жарылысты ДАИШ («Ислам мемлекеті») экстремистік тобының мүшесі ұйымдастырды деп болжап отыр.

Жарылыс Сирия аумағындағы Кобани қаласына аттанбақ болған жастар ұйымдарының белсенділеріне қарсы жасалған болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар