Түркияның төрт провинциясы жер сілкінісінен зардап шекті

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингел, Сивас және Кония провинцияларында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
None
Photo: ekonomigundemi.com.tr

Малатияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 23:25-те эпицентрі Пытурге ауданында, 7 шақырым тереңдікте жер сілкінісі тіркелді.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 03:28-де Бингөлде Солхан аймағында, 14 шақырым тереңдікте, магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Түркияның шығысындағы Сивас провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жұма күні жергілікті уақыт бойынша 20:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 км тереңдікте, эпицентрі Гюрюнь облысында болған.

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен кейін Гюрюн апат аймағына қосылды. Табиғат апаты салдарынан облыста 217 ғимарат қирады немесе айтарлықтай зардап шекті. 933 ғимарат жеңіл зақымданған.

Түркияның орталығындағы Конья провинциясында магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жұма күні жергілікті уақыт бойынша 17:01 тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Ереглі аймағында болды.


Соңғы жаңалықтар