Түркияның вице-премьері: Ыстамбұлдық лаңкес-жанкешті сириялық болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың орталығында болған жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлады ТАСС. Ыстамбұлда жарылғыш затын іске қосқан адам 1988 жылы туған сириялық болып шықты.
Бұл туралы жергілікті журналистерге Түркияның вице-премьері Нуман Куртулмуш хабарлады.
"Өкінішке қарай, жарылыс салдарынан он адам қаза тапты. Олардың көбі - шетелдік. Оқиға орнынан жарылғыш затын іске қосқан лаңкестің мәйіті табылды. Оның 1988 жылы туған сириялық екендігі анықталды", - деді ол. Жарылыс таңертең Сұлтанахмет орталық алаңында Дикилиташ стелласына жақын жердегі трамвай аялдамасының маңында болды. Салдарынан 10 адам қаза тапты, 15 адам жарақаттанды.
Фото:© EPA/TOLGA BOZOGLU