Түркияның жойғыш ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Түркияда жаттығу ұшу сапары кезінде осы елдің екі адамдық F-4 елдің ӘӘК жойғыш ұшағы апатқа ұшырады,

Түркияның жойғыш ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады

деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып РБК агенттігі.

Оқиға Орталық Анатолия провинциясындағы Конья қаласының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, әуе апатынан ұшқыштардың екеуі де опат болған.

Ұшақ апатынан жер бетінде болған салдарлар туралы ақпарат жоқ. Ұшақ құлаған ауданға жедел қызмет жөнелтілді.

Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.