Түрікменстан 2024 жылы Каспий «бестігінің» СІМ басшыларын қабылдауды жоспарлап отыр

Түрікменстан 2024 жылы Каспий маңы мемлекеттері (Ресей, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Түрікменстан) сыртқы істер министрлерінің кездесуін өз аумағында өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы елдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Рашид Мередов мәлімдеді. Kazinform агенттігі бұл туралы Trend ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды

Түрікменстан СІМ басшысы
Фото: trend.az

«Мұндай кездесулерді жыл сайын елдеріміздің қалаларында кезектесіп ұйымдастыру қажеттігін тағы бір мәрте атап өтеміз. Қорытындылай келе, Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуін келесі жылы Түрікменстанда өткізуді ұсынуға рұқсат етіңіздер", - деді ол қауымдастықтың СІМ отырысында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, биыл министрлер кездесуі Мәскеуде өтті.