13:55, 30 Мамыр 2025 | GMT +5
Түрікменстан Президенті Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.


Айта кетейік, елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр.

Форумға 7 000-нан астам қатысушы тіркелген. Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африка елінен БҰҰ, ААҰ, ХКҰ және ДЗМҰ сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың атынан 160-тан астам спикер шақырылған. Екі күн бойы олар түрлі саланың сарапшыларымен бірлесіп, мемлекетаралық ынтымақтастық моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін талқылайды.