Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы

Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы
Фото: Kazinform

АНАУ. KAZINFORM - ҚР Президентінің ТРК өкілдері 2024 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасын жариялау іс-шараларына қатысты.

Бүгін, 26 наурызда Ашхабадта Түркіменстанның Анау қаласының 2024 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты іс-шаралар басталды. Ашылу салтанаты «Новруз Яйласы» алаңындағы концерт залында өтті.

ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері Анау қаласының құрметті мәртебесін жариялауға арналған іс-шараларға қатысты. 

Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы
Фото: Kazinform

Түркіменстанның Анау қаласын 2024 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдер Мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 39-шы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. 

Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы
Фото: Kazinform

Естеріңізге сала кетейік, түркі әлемінің мәдени астанасын жыл сайынғы сайлау туралы шешім 2010 жылы түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитінде қабылданған болатын. Астана 2012 жылы тұңғыш мәдени астана болып аталды. Бұл құрметті мәртебе жылдар бойы Ескішехир, Қазан, Мары, Шеки, Түркістан, Кастамон, Ош, Хиуа, Бурса, Шуша қалаларына берілді. 

Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы
Фото: Kazinform

Сондай-ақ 28 наурыз күні Ашхабадта түркімен ақыны Мақтымқұлы Фрагидің туғанына 300 жыл толуына арналған «Түркімен жері – көне мәдениеттер орталығы» атты халықаралық баспасөз конференциясы жоспарланған. 

Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы
Фото: Kazinform
Соңғы жаңалықтар