Түрікменстан мен Ауғанстан трансшекаралық суды пайдалану мәселелерін талқылады

сув
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ашхабадта түрікмен-ауған бизнес-форумы аясында тараптар өңірдің су ортасын тиімді пайдаланудың негізгі тәсілдері мен қағидаттарын талқылады, деп хабарлайды Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі.

Түрікмен тарапы тату көршілік, өзара құрмет және халықаралық құқық рухында су диалогына бейілділігін білдірді. Аймақтағы барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып, су ресурстарын жүйелі пайдалану және су шаруашылығы мәселелерін кешенді шешу бойынша бастамаларды белсенді ілгерілету мәселесі атап өтілді. Елде су ресурстарын тиімді пайдалану және суды үнемдейтін технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Өз кезегінде, Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрінің м.а. Нуруддин Азизи де трансшекаралық гидроресурстарды пайдалану мен су объектілерін салуда Кабул көрші елдермен өзара келісім мен тең құқықтылық қағидаттарына сүйенетініне сендірді. 

Бизнес-форум барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде белгілеп, осы басым бағыттар бойынша жаңа әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар