ТүркПА өкілдері Әзербайжандағы референдумды бақылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына (ТүркПА) мүше парламенттердің депутаттарынан құралған халықаралық миссия 26 қыркүйекте Әзербайжанда конституциялық өзгерістер бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумды қысқа мерзімді бақылау ісіне кірісті.

ТүркПА өкілдері Әзербайжандағы референдумды бақылайды

Құрамына Қырғызстан мен Түркия парламенттерінің мүшелері де кіретін топқа Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков жетекшілік етеді.

Жұмыс кестесіне сай, бақылау миссиясы Әзербайжанның ресми тұлғаларымен, саяси және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, Баку қаласында орналасқан біршама сайлау учаскелеріндегі әзірлік барысымен танысады және референдум күні дауыс беру үдерісін бақылайды.