ТүркПА сайлауды бақылаушылар миссиясы Қазақстанға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) сайлауды бақылау миссиясы Астана қаласына келді, деп хабарлайды халықаралық ұйымның баспасөз қызметі.
Миссия құрамына Әзербайжан Милли Мәжлисінің депутаты Низами Жафаров, Қырғызстан Жоғорку Кеңешінің депутаты Әбілқайыр Ұзақпаев, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты, ТүркПА Құқықтық істер мен халықаралық қатынастар комиссиясының төрағасы, Түркия-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы Халүк Ипек және Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Еркан Айдын енді.
ТүркПА делегациясының 18 наурызда өткізетін кездесулерінің ішінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұловпен және Парламент Сенаты төрағасының орынбасары А.Бейсенбаевпен жүздесулер, сондай-ақ, Нұр Отан партиясының штаб-пәтеріне болу және басқа да саяси партиялар өкілдерімен сұхбаттасулар бар.