ТҮРКСОЙ 2010 жылды «Ахмед Закиевтің жылы» деп жариялады

/strong>Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Тұңғыш рет ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы қоғам, мәдениет қайраткерлеріне, өнер адамдарына жыл арнауды дәстүрге айналдыратын болады.
None
None

ТҮРКСОЙ биылғы жылды Башқұрт халқының атақты қоғам қайраткері, сол мемлекетті алғашқы құрушылардың бірі «Ахмед Закиевтің жылы» деп жариялады. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілі Асқар Тұрғанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ТҮРКСОЙ басшысы Дүйсен Қасейінов жақында Башқұртстан елінің Президентімен кездесті. Ол ел басшысына ТҮРКСОЙ-дың алтын медалін тапсырып, «Ахмед Закиев жылының» ашылуын жариялады», деді Асқар Тұрғанбаев. Оның айтуынша наурыз айының ішінде Анкарада Түркия елі Президентінің қатысуымен осы жылдың құрметіне орай салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Ол сонымен қатар, «Бұл шараның алғашқысы ретінде наурыздың 10-ы күні Ұлттық кітапханада Ахмед Закиевтің жалғыз ұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді», деп хабарлады. Оған Қазақстанның, Башқұртстанның, Түрік елінің ғалымдары шақырылады.

Соңғы жаңалықтар