ТҮРКСОЙ 2013 жылды қазақ композиторы Мұқан Төлебаев пен қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялады
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазан қаласы Түркі әлемінің 2014 жылғы мәдени астанасы болып жарияланды.
Шешім Уфада ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі отырысында қабылданды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл 2012 жылдың ақпанында РФ Мәдениет министрлігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы арасында өзара іс-қимыл меморандумына қол қойылғаннан кейінгі бірінші отырыс. Кеңес жұмысына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, сонымен қатар Молдава Республикасының құрамындағы Гагаузия мен Ресейдің Алтай, Башқұртстан, Тува, Саха-Якутия, Хакасия өңірлерінен байқаушы мүшелер қатысуда.
ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлері 2013 жылды түркітілдес елдердегі қазақ композиторы Мұқан Төлебаев пен қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялады.