ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы Опера және балет театрлары директорларының кеңесін құрды

/strong>Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Биылғы жылдың басында, қаңтар айының 15-і күні Түрік елінің Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастыруымен алыс-жақын түркі елдерінің опера және балет театрлары директорларының бас қосуы өтті.
None
None

Алқалы жиын барысында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы Опера және балет театрлары директорларының кеңесін құрды. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілі Асқар Тұрғанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес мүшелігіне түркі тілдес 14 елдің опера және балет театрының басшылары кірді. Осы ел министрлерінен тұратын Тұрақты Кеңес жылына екі рет бас қосып, ТҮРКСОЙ жұмысының негізгі бағытын белгілеп отырады. Ол түркі тілдес елдердің басын біріктіре отырып, мәдениет, опера және балет саласындағы ортақ мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ендігі біздің мақсатымыз қойылымдарды Еуропалық деңгейге шығару, ұлттық нақыштағы операларымызды насихаттау», деді Асқар Тұрғанбаев.

Ол сонымен қатар, жиын барысында «гуманитарлық салада түркі тілдес республикалары арасында осы күнге дейін ТҮРКСОЙ-дан басқа халықаралық ұйым құрылған жоқ», деп атап өтті.

Бұнымен қатар, ол "2010 жыл Ыстамбұл Еуропа мәдениетінің орталығы деп жариялануына байланысты, өткен жылдың үлкен жобасында іске асқан "Кероғлы" операсы сол құраммен Ысамбұлда қайтадан қойылатын болады", деді.

Соңғы жаңалықтар