ТҮРКСОЙ ұйымы түркітанушыларға құрмет көрсетті

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі түркі тілдес елдердің түркітанушы ғалымдарына құрмет көрсетіп, арнайы сыйлық жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шара түркітанушылардың І Халықаралық Қоңыр оқулары аясында өтті. Онда ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі, ТҮРКСОЙ-ды қолдау қорының төрағасы Берік Барысбеков түркітануға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ ғалымға арнайы сыйлық тапсырды. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбдуәлі Хайдар, Дағыстанның халық жазушысы, ақын Бадрудтин Магомедов, Башқұртстан Республикасы ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Ешмұхамед Галиаудинов пен Фарих Хатимжанов, Хусейн Исаұлы, Сема Өзендир Фаруджих сияқты өзге де меймандар ие болды. Онда, сондай-ақ Ешмұхамед Галиаудинов өзінің Башқұртстан Республикасынан зор жауапты уәзипамен келіп отырғанын, Уфада Башқұртстан Республикасының ғылым академиясы бар екенін айтып, сол академияның құрметті академигі Әбдуәлі Хайдарға құрметті академик куәлігін һәм Санк-Петерборда шыққан арнайы белгіні табыс етті.
Соңғы жаңалықтар