Түркістан әкімдігі кәсіпкерге 27 млн тенге тұрақсыздық айыбын төледі
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Қала әкімдігі жұмыс ақысын 3 жылға кешіктірген.

2019 жылдың наурыз айында «Дорстрой» ЖШС мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Түркістан қаласындағы автожолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған.
Аталған құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында аяқталып, тапсырыс беруші нысанды қабылдап алған. Дегенмен, ақы төлеуге келгенде әкімдік тарапынан біршама мәселелер туындаған.
- Қала әкімдігі жұмыс ақысын 3 жылға кешіктіріп төлегені үшін «Дорстрой» ЖШС әкімдіктен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгініп, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды негізсіз қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда, облыс прокуратурасы шығарылған шешіммен келіспей апелляциялық өтінішхат енгізіп, нәтижесінде мемлекеттік мекемеден кәсіпкердің пайдасына 27 млн тенге тұрақсыздық айыбы өндірілді, - делінген Түркістан облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын ШҚО экологтары кәсіпорындарға 2,2 млрд теңге айыппұл салғанын жазған болатынбыз.