Түркістан арена УЕФА турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан мен Словакияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында тартысты кездесу өтті. 

«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Аталған ойын 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында ұйымдастырылды.

«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістанда УЕФА басшылығы аясында өткен алғашқы ресми матч жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейдегі матчқа жергілікті жанкүйерлер ерекше қызығушылық танытып, стадион толық толды. Жеті мыңдай жанкүйер жиналып, трибуналарда ине шаншар орын қалмады. Түркістан жұртшылығы Қазақстанның жастар құрамасына қызу қолдау көрсетіп, ойын бойы ұлттық құрамаға дем берді. Жанкүйерлердің белсенділігі алаңдағы ойыншыларға ерекше серпін сыйлады.

«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Тартысты өткен матч, өкінішке қарай қонақтардың пайдасына шешілді. Словакиялықтар сауатты әрі қорғаныста сақ ойнап, 3:1 есебімен жеңді.

«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Мұндай маңызды кездесулердің Түркістанда өтуі өңірдегі спорт инфрақұрылымының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл — жастар футболын дамытуға және жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

«Түркістан арена» уефа турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Айта кетейік, «Түркістан Арена» стадионы — халықаралық деңгейдегі заманауи спорт нысаны. УЕФА талаптарына сай стадионда Қазақстан жастар құрамасы 31 наурызда Ирландия жастарын қабылдайды. Кездесу сағат 20:00–де басталады, кіру тегін.