Түркістан халықаралық әуежайына жаңа басшы келді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бұл қызметті бұдан былай Гүлжан Жәнібекова атқарады.

Гүлжан Бақытжанқызы авиация және логистика салаларында 19 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді. Еңбек жолында стратегиялық басқару, халықаралық жүк тасымалдарын ұйымдастыру және бизнес-процестерді цифрландыру бағыттарында қызмет етті.

Атап айтар болсақ, 2007–2008 жылдары «Максима» ЖШС-нің логист-брокері, 2008–2009 жылдары «Inter South Group» ЖШС-нің кедендік ресімдеу маманы, 2010–2012 жылдары «HILL Corporation» ЖШС-нің жөнелту және логистика бөлімінің бастығы, 2019–2021 жылдары «Nova Logistics» ЖШС-нің директоры болды.
Ал, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін «Alpha Sky» ЖШС-нің бас директоры лауазымында қызмет атқарды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.