Түркістан облысында 1 мыңға жуық адамды ит қапқан

қаңғыбас ит
Фото: Pexels

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Биыл өңірде 41,3 мың қаңғыбас ит пен мысықты аулау жоспарланып отыр.

Жарақаттанғандардың 976-ы иттен, 217-і мысықтан, 50-і жылқыдан, 5-і мүйізді ірі қара малдан, 49-ы жабайы жануарлар мен кеміргіштерден зардап шегіп отыр.

Яғни, жарақат алушылардың 96,2%-ы үй жануарларының үлесіне тиесілі.

«Түркістан облысы құтыру ауруының қаупі жоғары аймақтар қатарына жатады. Биылғы 3 айда жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген. Жалпы, биыл өңір тұрғындары арасында құтыру тіркелмеді», — деді Нұрбек Нышанов.

Облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ағабек Абдиев бекітілген жоспарға сәйкес, 4 айда 23 499 бас ірі қара малға, 61 387 бас ұсақ малға, 7 230 жылқыға, 2 907 түйеге, 29 450 ит пен 6 160 мысыққа екпе егілгенін мәлімдеді.

Ал, ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың айтуынша, биыл 41,3 мың бас қаңғыбас ит пен мысықты аулау жоспарланып отыр.

Ал, бүгінгі күнге 12,9 мың бас қаңғыбас ит-мысық оқшауланған. 

«Биыл өңірде құтыру ауруына қарсы 906 мың бас жануарға профилактикалық іс-шара жоспарланып отыр. 4 айда жоспардың 70%-ы орындалды. Сонымен қатар, жыл басынан бері жануарлардың құтыру ауруы бойынша Жетісай, Қазығұрт, Созақ, Ордабасы аудандарында 9 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, жануар адамға немене жануарларға шабуыл жасаған жағдайда оны өлтіруге рұқсат етілген», — деді Ғани Құрманбай.

Соңғы жаңалықтар