Түркістан облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Ер адам Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекаралық бақылау бекеті арқылы Өзбекстанға өтпекші болған.

Түркістан облысы ПД
Фото: Түркістан облысы ПД

Ресей Федерациясының Иркутск қаласында адам өлтірді деп айыпталған күдікті 2014 жылдан бастап іздеуде жүрген. Кейін көрші мемлекеттің аумағынан қашып кеткен оған халықаралық іздеу жарияланды. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады.

«Ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта шетелдікті экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр» - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.