Түркістан облысында 180 мыңға жуық көпбалалы ана бар

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістан облысы көпбалалы аналардың саны жағынан ел бойынша алдыңғы орынға шықты. Өңірде 2500 жуық «Батыр ана», 17 мыңнан астам «Алтын алқа», 4 мыңға жуық «Ана даңқы» орденінің иегері тұрады.

ана
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында 8-наурыз мерекесіне орай «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Онда ардақты аналар мен аруларға құрмет көрсетілді. 

Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ардақты аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

«Қазақ халқы қыз баласын аса қадірлеп, ардақты аналарды құрметтеген. Қарындасты қорғап, аруларды аялаған. Қазақылықтың қаймағы сақталған Түркістан өңірінде де нәзікжандылардың құқығын қорғау, оларды жан-жақты қолдау бағытында жұмыс жүріп жатыр. Облыста «Бөрте», «Домалақ ана», «Фариза» қойылымдары көрермен назарына ұсынылды. Бұл мәдени ізденістерді аналарға, аруларға деген құрмет деп білеміз. Тәуелсіз еліміздің дамуына аналарымыздың, қазақтың қайсар қыз-келіншектерінің қосқан үлесі айырықша», - деген Дархан Сатыбалды ақ жаулықты аналар мен іскер аруларды арнайы марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар