Түркістан облысында 2000-нан астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болды

финансовая пирамида
Фото: freepik.com

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - 2023-2024 жылдары 2 мыңнан астам түркістандық 650 млн теңгеге жуық қаржысын қаржылық пирамидаларға салып жіберген. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев мәлімдеді.

Аталған іс бойынша 22 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, күдіктілердің 222 млн. теңгені құрайтын 14 жылжымайтын мүлігі мен 4 автокөлігіне сот санкциясымен тыйым салынған. Жалпы, жәбірленушілерге келтірілген залалдың 233 млн теңгесі қайтырылды. 

«Облыс аумағында қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету дерегімен «Chia Tai Pharmaceutical» және «Елоус» қаржылық пирамидаларына қатысты тіркелген 2 қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр. Қаржылық пирамидалардың алдын-алу мақсатында департамент «Аймап» ақпараттық жүйесі арқылы қауіптілігі бар 10 мыңға жуық «Instagram» аккаунтын анықтады. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қаржылық пирамида және заңсыз ойын бизнесіне күдік тудырған 180 аккаунт пен сайт, «WhatsApp» топтары бұғатталды. Халық арасындағы кеңінен таралған қаржылық алаяқтық және экономикалық қылмыстар деңгейін төмендету мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен «АФМ INSIDER» телеграм чат-боты іске қосылды», - деді Ерболат Балғабаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram