Түркістан облысында 24 елді мекен таратылады

Түркістан облысында 24 елді мекен таратылады. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

мәжіліс
Фото: Kazinform

Басқарма басшысының айтуынша, тұрғылықты халқы 50 адамнан аз 20 елді мекендер таратылса, 4 елді мекен біріктірілетін болады. Олардың ішінде Бәйдібек ауданынан Нұра, Үсіктас, Байжансай елді мекендері бар. Ал, Созақ ауданынан Қақпансор, Қоңыратарық кірген. Сондай-ақ, Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Сауран, Түлкібас ауданы мен Арыс қаласынан халық саны 50-ге жетпейтін елді мекендер тізімге еніп отыр.

«Бұл жерде елді мекендер ешқайда көшірілмейді. Тек қасындағы ауылдық округ аумағына қарайтын болады. Әлеуметтік төлемдер қысқармайды, бұрынғыша барлығы төлене береді»-деді Ерғали Тілеген.

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті