Түркістан облысында 3 жасар қыз табылмай жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қызының көзден таса болғанын жеткізген.

бала
Фото: Түркістан облысы ПД

Қазір жоғалған бүлдіршінді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.

Сондай-ақ, полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Іздеушілер жақын маңдағы аумақтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, канал жағалауларын және бүлдіршін бара алатын басқа да бағыттар бойынша жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Егер баланың жүрген жері туралы ақпарат білсеңіз, 102 жедел желісіне хабарласуыңызды сұраймыз» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Баласының қалай жоғалғанын ата-анасы айтып берді. 

Соңғы жаңалықтар