Түркістан облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша бопсалады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Шымкент қаласының тұрғынынан ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен. Тінту барысында күдіктіден телефон мен 5 миллион теңге көлеміндегі ақша табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Жаңаөзенде бопсалау күдігімен ер адам қамауға алынған болатын.