Түркістан облысында 500-ге жуық пиротехникалық бұйым тәркіленді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Өңірде жүргізілген рейдтік шара барысында заңсыз сауда жасаған 80-нен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 500-ге жуық сәйкестік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйым тәркіленіп, заңсыз сауда жасаушыларға 3 млн 784 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға 40 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Polisia.kz

Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде. Басты мақсат - пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу қағидасын қалыптастыру. 

«Шараның бірінші ескерту кезеңі 5-12 желтоқсан күндері аралығында өткізілді. Онда полиция департаментінің қызметкерлері облысымыздың қала-аудандарында орналасқан сауда орталықтары мен дүкендерге арнайы барып қағаз түрінде ескертпелер таратты. Жеке кәсіпкерлердің арнайы лицензиясыз пиротехникалық бұйымдарды сатуына, сақтауына, тасымалдауына тыйым салынатыны айтылды. Екінші кезең 20 желтоқсан-3 қаңтар аралығында өтеді»- деді Түркістан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-да заңсыз саудадан 500-ден астам пиротехникалық өнім алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар