Түркістан облысында 6 жасар қызды зорлаған педофил 20 жылға сотталды

убийство
Фото: Polisia.kz.

Түркістан облысында 6 жасар қызды зорлаған педофил 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Kazibform.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігімен айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оқиға биылғы мамыр айында Арыс қаласында болған. Сотталушы көп қабатты тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген жасөспірімді ішке алып кірген. Подъездегі екінші қабаттан үшінші қабатқа көтерілетін баспалдақта 2017 жылы туған қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған.

Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылды. Оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау күдігімен Арыс тұрғыны ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар