Түркістан облысында 60 отбасы баспаналы болды

Қуаныш
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында Жетісай ауданында 60 отбасы баспаналы болды. 

Мерекелік іс-шараға қатысқан аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов баспана иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Бес қабаттан тұратын үйлердегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған Екінші дүниежүізілік соғыс ардагерлері мен көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді.

Айта кетейік, алдағы уақытта Жетісайда сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар