Түркістан облысында Алғыс айту күні 10 күн бойы аталып өтеді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Бүгін Түркістан қаласының тұрғындарына тәттілер мен құрт таратылды.

Алғы айту күні
Фото: ҚХА

Түркістанда құрт тарату рәсімі ұйымдастырылды. Игі шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қала көшелерінде өтіп бара жатқан тұрғындарға арнайы тілектер жазылған тәттілер мен құрт үлестіріп, мерекемен құттықтады. Өз кезегінде тұрғындар да алдағы Алғыс айту күні туралы пікірлерін айтып, мереке қарсаңында ізгі тілектерін жеткізді.

алғыс айту күні
Фото: Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиеваның айтуынша Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өңірде он күн бойы аталып өтпек.

айту
Фото: Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ

«23 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырады. Атап айтар болсақ, «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында «Қоржын» қайырымдылық көмек көрсету іс-шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, әскери бөлімдерде, еңбек ұжымдарында алғыс тақырыбына арналған «Тарих ғибраты» сабақтары өтеді. Бірлікке үндеген бұл мереке «Туған жерім – жүрегімде!» атты іс-шарамен жалғасады», - деді Эльмира Жанғазиева.

Соңғы жаңалықтар