Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің бухгалтері 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 млрд теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. 

 Біз прокуратураның бюджет қаражатын тексеруін қолдаймыз – Павлодар облысының әкімдігі
Фото: Kazinform

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтады.

«Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.

Тексерулер жалғасып жатыр әрі жіті бақылауда.