Түркістан облысында ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды

жү көліктері
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Өңірде жыл басынан бері 232 389 000 млн теңге жол алымы өндірілді. Бұл туралы Көліктік бақылау инспекциясы хабарлады.

Қазіргі таңда инспекция мамандары тарапынан жолаушыларды тасымалдайтын және ауыр жүк автокөліктерімен жүк тасымалдаушыларға қатысты тұрақты түрде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Оның құрамында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен жергілікті полиция қызметі және «ҚазАвтоЖол» АҚ мен Ұлттық сапа орталығының өкілдері бар.

Нәтижесінде, заң талаптарын сақтамаған жүргізушілер мен көлік иелеріне 1299 әкімшілік іс толтырылып, 50 миллион 220 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 232 389 000 млн теңге көлемінде жол алымы өндірілді. Сондай-ақ, ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеген жүргізушілер де жауапқа тартылды.

«Қазіргі уақытта инспекция тарапынан көлік саласындағы заңнама талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталған жұмыстар күшейтіліп, тұрақты түрде жүргізіліп келеді» - делінген ведомство тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар