Түркістан облысында әйелін үнемі ұрып-соғатын азаматтың ісі сотқа жолданды
АСТАНА. KAZINFORM - Түркістан облысының тұрғыны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтағы өкіліне хабарласып, қызын күйеуі үнемі ұрып-соғатынын мәлімдеген.
Уәкілдің өкілі Шардара ауданының прокуратурасына мән-жайларды тексеру және заңда көзделген шараларды қолдану үшін ұсыным жолдады.
«Нәтижесінде Шардара аудандық полиция бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сот-медициналық сараптама тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленуші 30 күн мерзімге профилактикалық есепке алынып, оған қорғау туралы ұйғарым шығарылды», — делінген Уәкіл кеңсесінің жазбасында.
Жиналған әкімшілік құқық бұзушылық материалдары шешім қабылдау үшін Шардара аудандық сотына жолданды.