Түркістан облысында әйгілі брендтерге ұқсас өнім шығарған ірі тәтті қоймасы табылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Сайрам ауданында қолдан жасалған тәттілердің ірі қоймасы анықталды.

конфет
Фото: pexels.com

Түркістан облысы Сайрам ауданында 37 мыңнан астам қолдан жасалған шоколад батончигі анықталып, заңсыз айналымнан тәркіленді.

Танымал шоколад батончиктері мен кондитерлік өнімдер шығаратын халықаралық компанияның өтініші негізінде Түркістан облысы, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері бірлескен жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Ведомствоның мәліметінше, жалған өнімдер әйгілі брендтердің атаулары өзгертіліп таратылған.

- Аталған жағдай зияткерлік меншік нысандарын заңсыз пайдаланудың жол берілмейтінін көрсетеді және бұл саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алуда кешенді шаралардың маңызын айқындайды, - деді Шымкент қаласы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Мұхтар Абдезов.

Жиналған материалдар кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте 7 мыңнан астам абонент газсыз қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар