Түркістан облысында баспанаға мұқтаж емес 5 мың адам үй кезегіне тұрып алған

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда басталады
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысы бойынша 68 мыңнан астам азамат үй кезегіне тіркелген. Олардың заңдылығын анықтау барысында талап бұзған 5 мыңнан астам адам тіркеуден шығарылды. 

Жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың жалға алып отырған баспана ақысының 50 пайызын мемлекет төлеп береді.

Арнайы тексеру қорытындысы жалдауды субсидиялаудан да заңсыздық анықтаған.

Оның басым бөлігі Жетісай мен Сарыағаш ауданында болған. 

Шын мұқтаждардың қолдау алуына кедергі болған әрекеттерді әшкерелеу жұмысы алдағы уақытта да жалғаспақ. 

«Халықтың тұрмыс сапасын танытатын маңызды көрсеткіш — баспана. Мұқтаж жандарды баспанамен қамту, олардың тұрмысын түзету, әлеуметтің әлеуетін арттыруға мұрындық болу — әр әкімнің міндеті. Сондықтан осы жұмыстарға бар күшімізді салуымыз керек. Жұмыс орнын ашып, отбасын асырауға жағдай жасауымыз қажет. Жалғыз жол — инвестиция тарту. Инвестордың қолынан жетектеп жүріп, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасау керек. Әр аудан, қала әкіміне инвестиция тарту бойынша көрсеткіш міндеттеледі», — деді Дархан Сатыбалды.

Соңғы жаңалықтар