13:24, 08 Қаңтар 2024 | GMT +5
Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды
Алғашқы бәйшешекті Бәйдібек ауданынан көруге болады, деп хабарлайды Kazinform.
Әлеуметтік желіде Ғани Назарбек есімді экобелсенді алғашқы бәйшешектің суретімен бөлісті. Көктемнің нышаны саналатын бәйшешек гүлі Бәйдібек ауданындағы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында өсіп шыққан.
«Бұл қалыпты жағдай. Күннің жылынуы мен жер қабатындағы ылғалдың әсерінен өсіп шыққан. Өткен жылы да қаңтар айында бәйшешек гүлдеп, суырлар оянып кеткен болатын. Мұның өзі де өте қауіпті. Себебі, күн бірден суып кетсе, үсіп кетеді», - дейді экобелсенді.
Ал, әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға пікір жазған оқырмандар дала гүлінің ерте шыққанын жақсылыққа балап жатыр.