Түркістан облысында браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді

браконьеры
Фото: Түркістан облысы ПД

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM-«Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өңірде 156 құқық бұзушылық анықталды. Браконьерлерден 580 келі балық, ұзындығы 1500 метр болатын балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді

Түркістандық тәртіп сақшылары мен балық инспекторлары бірлесіп жүргізген рейд барысында Арыс қаласының екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілерден қайық пен 60 келіге жуық балық тәркіленді. Қазіргі таңда оларға қатысты балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Бөген, Көксарай және Шардара су қоймалары мен өзге де өзендерді қараусыз қалдырылған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді.

«Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырамыз», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum