Түркістан облысында бірнеше көлік «Газельді» қыспаққа алды: үш күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында «Газель» жүк көлігін бірнеше көлікпен қуып, шабуыл жасалғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

газель, дорога
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бейнежазбада бірнеше көліктің «Газельдің» жолын бөгеп, қыспаққа алғаны көрінеді. Жүк көлігіндегілер өздерін мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ көліктердің қуып келе жатқанын айтып, көмек сұраған. 

Оқиғаға қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, жолдағы бұзақылық Ордабасы ауданына қарасты Бадам елдімекенінде болған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру және жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция құқыққа қайшы әрекеттерге заң аясында баға беріліп, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізушіні ұрған күдікті ұсталғанын жазған едік.