Түркістан облысында екі ауданды сумен қамтып отырған канал Қазсушарға қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы апелляциялық сот алқасының қаулысымен Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының апелляциялық шағымы қанағаттандырылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімінің күші жойылды.

В Кульсары благоустраивают набережную канала Курсай
Фото: Жедел штаб

Атап айтқанда 13 млрд теңгеге салынған, ұзындығы 13,9 шақырымды құрайтын «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық әдіспен су көтеру каналын он жылға өтеусіз беру туралы «Қазсушар» Түркістан филиалы мен «СК Парасат» ЖШС арасында жасалған №1 келісім-шарт жарамсыз деп танылды.

"Прокурорлардың араласуына аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал аудандары кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болды.

Сонымен қатар, жаңа меншік иесі осы каналды дұрыс пайдаланбай, каналды тазарту жұмыстарын жүргізбеу салдарынан, бөгетті нығайтатын құм шығарылып, нәтижесінде оның беріктігіне нұқсан келген", - деп жазды бақылаушы органнан.