Түркістан облысында емханаға келген науқас дәрігерді пышақтады
Түркістан облысында клиникаға келген науқас дәрігерге пышақ салды. Кazinform бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада ультрадыбыстық кабинетке кезекте тұрған пациенттердің бірі жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ салған.
«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.