Түркістан облысында есінен танып қалған егде жастағы әйел суық балконда жатып қалған
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Тәртіп сақшылары екінші қабатқа өрмелеп шығып, кейуананы құтқарып қалды.
Оқиға Ордабасы ауданында болды. Егде жастағы әйел есінен танып, суық балконда жатып қалған. Бұл туралы түнгі уақытта 102 пультіне қоңырау шалған көршілері хабарлады. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік инспекторлар екінші қабаттағы балконға өрмелеп шығып, алғашқы көмек көрсетті. Кейуананы ішкі бөлмеге кіргізіп, жедел жәрдем шақырды.
«Қарт әйелмен бірге 32 жастағы қызы тұратыны анықталды. Оқиға орын алған күні қызы үйінде болмаған. Полицейле жедел жәрдем келгенге дейін әжейдің жанында болды»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.