Түркістан облысында газ тапшы

газ
Фото: freepik.com

Түркістан облысында газ тапшылығы бар, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде автогазға кезекте тұрған жүргізушілердің видеосы тарады. Онда кезегін күтіп тұрған 30-ға жуық көлікті көруге болады. Тіпті, арасында ас үйге арналған газ баллондарын алып барған тұрғындар да бар. Желі қолданушыларының жазуынша оқиға Түркістан облысының Ордабасы ауданында болған.

Ал, аталған жағдайға орай ресми пікір білдірген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның Ордабасы ауданында болмағанын мәлімдеді.

«Зерделеу жұмыстарын жүргізу нәтижесімен аталған бейне түсірілім Ордабасы ауданында орын алмағындығы анықталды. Аудан аумағында жалпы 29 автогаз құю бекеттері орналасқан, оның ішінде қазіргі уақытта 8-і тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы онда 21,5 тонна газ бар. Сұйытылған газдың орташа бағасы 64-75 теңгені құрайды»-делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, әкімдік жеткізушілер тарапынан газ уақытылы келмеуіне байланысты кейбір автогаз бекеттері жұмыс істемей тұрғанын, газ тапшылығын жоққа шығармайтындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар