Астана қаласының жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр

Алматы облысында су құбыры жарылды
Фото: tolqyn.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада ауа райы құбылып тұр. Күн салқындай бастап еді, тұрғындар батареялардағы жылудың жоқ екеніне енді мән бергендей. Бұл ретте, Астана қаласының энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Купешев 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр Үкіметтің қолдауымен бірқатар нысанның құрылысын аяқталған.

«Мәселен, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының іске қосылуының нәтижесінде қаланың жылу қуаты 30%-ға ұлғайды. Энергия көздерінің жалпы қолда бар қуаты 3 747 Гкал құрайды. Ағымдағы жылыту маусымында қаланың жылуды максималды тұтынуы сағатына 3 050 Гкал-ды құрады. Осылайша, жылу профициті 697 Гкал/сағ дейгейінде орнықты. Бұл – қаланың қажеттіліктерін 2027 жылға дейін жабуға мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Биыл «Тұран» газ жылыту станциясының екінші кезегінің, 3-ЖЭО-ның көмір бөлігінің, «Тельман» газ жылыту станциясының бірінші кезеңінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-ны кеңейтуді бастау және «Оңтүстік-Батыс» газ жылыту станциясын жобалау жұмыстары басталады. Аталған жобалардың іске асуы 2035 жылға дейін жылу қорының берік болуына мүмкіндік бермек.

 

Соңғы жаңалықтар