Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта басталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында бірнеше ай бұрын Келес өзеніне суға кеткен бүлдіршінді іздеу жұмыстары қайта жалғасты.

Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта басталды
Видеодан алынған кадр

Келес ауданында 2018 жылы туған Жаннұр Тұрсынбек ойын кезінде абайсызда өзенге құлап кеткен. Анасының айтуынша, оқиға 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Содан бері бала табылмаған.

Қазіргі таңда құтқарушылар іздеу жұмыстарын Құрылыс елдімекені маңындағы Келес өзенінде жүргізіп жатыр.

Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта басталды
Видеодан алынған кадр

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, облыстық жедел-құтқару жасағы, Шымкент қаласы және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, білім беру саласының мамандары, еріктілер мен баланың туыстары жұмылдырылды.

Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары қайта басталды
Видеодан алынған кадр

— Жалпы іздеу жұмыстарына 90-ға жуық адам мен арнайы техника тартылды. Құтқарушылар су айдынын тексеру кезінде құтқару катерлері, эхолоттар, дрондар және суасты дрондарын пайдаланып жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Бұған дейін сәуір айында Келес өзеніне ағып кеткен 8 жастағы баланы іздеу жұмыстары тоқтатылған еді.