Түркістан облысында көлігін қысқа дайындамаған 26 жүргізуші жауапқа тартылды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Қысқы маусым басталуына байланысты тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті сақтап, көліктерге «қысқы доңғалақ» орнату керектігін ескертеді.

Бірінші желтоқсаннан бастап техникалық регламентті сақтамаған автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады.
Мәселен, Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы доңғалақ болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
- Қысқы доңғалаққа ауысу тек заң талаптарын орындау ғана емес, бұл жолдағы қиындықтардан аулақ болуға және өзіңіздің, басқалардың қауіпсіздігіне айтарлықтай көмектеседі. Көктайғақта жазғы доңғалақпен жүрудің салдары ауыр апатқа әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Көлік құралдарының жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындау қажет. Жолдарда абай болыңыз және жол ережелерін сақтаңыз, - делінген Түркістан облысы Gолиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.