Түркістан облысында көшеге 2 тонна құрылыс қалдығын төккен тұрғын жауапқа тартылды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркістан облысының Қазығұрт ауданында көшеге 2 тоннадан астам бетон және өзге де құрылыс қалдықтарын төккен тұрғын анықталды. Оған абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін тиісті шара қолданылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Түркістан облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар елдімекен аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара өткізген.
Шара барысында Қазығұрт ауданының тұрғыны көше бойына 2 тоннадан астам бетон және өзге де құрылыс қалдықтарын төккені анықталды. Азаматтың әрекетіне байланысты абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін шара көрілді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары 20-дан астам қоғамдық орынды тексерді. Нәтижесінде тәулік ішінде 14 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
Полицейлер тұрғындарды қоғамдық орындарда тазалық сақтап, абаттандыру талаптарын бұзбауға және белгіленген тәртіпті сақтауға шақырады.
Құрылыс қалдықтарын қоқыс жәшігіне тастауға бола ма? Нақтырақ мына сілтемеден оқыңыз.