Түркістан облысында күдікті көліктен қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді
Түркістан облысында күдікті көліктен қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform.
Түркістан облысының полицейлері шымкенттік тұрғыннан қызыл кітапқа енген құстарды тәркіледі. Күдіктінің көлігін тінту кезінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 10 құс табылды. Олардың ішінде балобандар мен қарабауыр бұлдырық құстары бар.
«Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жабайы құстар Шымкенттегі зообаққа берілді» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
