Түркістан облысында құлаған көпірге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Полиция
Фото: ІІМ

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Жолдарды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, аталған факті бойынша жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. 

Нәтижесі бойынша «Қазақстан темір жолы» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, 3 наурыз күні Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түскен болатын. 

Қызылсай — Манкент аралығындағы Арыс — Түлкібас учаскесіндегі өткелде пойыз өтіп жатқан кезде болды. Яғни, ауыр баннерден түскен жүктің салдарынан қоршау көпірінің бір бөлігі құлап түсті.

 

Соңғы жаңалықтар