Түркістан облысында құлаған үйден ауруханаға жеткізілген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - Дәрігерлер үш қабатты тұрғын үйдегі газ жарылысынан жарақат алған әйелдің жағдайы туралы айтып берді.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Кеше кешке жедел жәрдем көлігі 1990 жылы туған әйелді Отырар аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді.

-Жағдайының ауырлығына байланысты науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация арқылы Облыстық клиникалық аурухана мамандары шақырылды. Қазіргі уақытта емдеу бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлады дәрігерлер.

Айта кетейік, Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылындағы үш қабатты, 12 пәтерлі үйде газ жарылысы болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс екінші қабаттағы табиғи газдың шығуынан болған. Жарылыс салдарынан туындаған соққы толқыны үш пәтердің қабырғасын қиратты.

Пәтер иесі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ғимарат тұрғындары эвакуацияланды. Кейбір отбасылар уақытша Шәуілдір ауылындағы колледж жатақханасына, кейбірі туыстарының үйіне орналастырылды.

Облыстық әкімдік зақымданған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары алдағы күндері басталатынын хабарлады.

Мамандандырылған қызметтерге апатты қалпына келтіру жұмыстарына көмектесу және жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарға уақытша тұрғын үй беру тапсырылды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ алдын ала мәліметінше, жарылыс газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылудан болуы мүмкін.

Осыған дейін Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар